Түркістан облысы Сарыағаш ауданында «Қауіпсіз жол» іс-шарасы барысында 4 азамат көлік құралын басқару құқығынан айырылды.
Бүгінде еліміздің аумағында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Басты мақсат — жол қозғалысы ережелерін бұзуды анықтау және жолын кесу, жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, облыс жолдарында апаттылықты төмендету болып табылады.
Сарыағаш АПБ қызметкерлерімен ҚР ӘҚБтК-нің бірнеше бабымен 828 хаттама толтырды. Оның ішінде қауіпсіздік белдігін тақпаған, қозғалыс кезінде ұялы телефонды пайдаланған, техникалық байқаудан өтпеген және белгіленбеген жерден жолды кесіп өткен, жаяу жүргінші жолағында жаяу жүргіншіге жол бермеу қағидатын бұзған және өзге де жол жүру ережелерін бұзған жүргізушілер де бар. Сондай-ақ 82 көлік айыптұраққа қойылды.
Түркістан облысының полицейлері, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге, жолаушыларға ережелерді қатаң сақтап, жылдамдық режимін бұзбауға және қарсы қозғалыс жолағына шықпауды ескертеді. Жол қозғалысы ережелерін бұзудың соңы орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін екенін ұмытпаңыз.