«FARAB – балалар жазғы лагеріне!» жобасы жұмысын бастады

130

 

Сіздің 6-14 жас аралығындағы балаңыз (балалар) бар ма?
Онда Сіз балаңызды (балалар) Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында ұйымдастырылған
«FARAB – балалар ЖАЗҒЫ ЛАГЕРІНЕ» ертіп келіңіз!

Лагерьдің жұмыс істеу кестесі:
Дүйсенбі – Сенбі, сағат 10:00-17:00 аралығы.
Мұнда балаларға төмендегідей бағдарламалар ұсынылады:
– таңғы жаттығу;
– ағылшын тілі;
– кітапханаға экскурсия;
-сурет салу;
– көңілді эстафета;
-Қуыршақ театрының қойылымы;
-Кітап оқу сағаты;
-тимбилдинг (табиғат аясында танымдық ойындар);
-«Планетарий залында» танымдық фильмдер тамашалу;
-Балалар жазушыларымен кездесулер;
-Мақал-мәтел сайысы;
-Көркем әдебиет оқу;
-«Кім тапқыр?» ойыны;
-Шымкенттің тарихына қатысты танымдық ойындар;
– Әл-Фараби.2D анимациялық телехикая тамашалау;
және т.б. танымдық, рухани және мәдени бағдарламалар.

Алты күн бойы балаңыз смартфоннан белгілі бір уақыт арылып, рухани азық жинайды.
Мәлімет үшін телефондар: 87713653715, 87011454287, 87012757522