2021 жылғы 13 маусымында сағат 15:19-да Еңбекші ауданы, Момынов көшесі бойында орналасқан «Жан Ойл» авто жанар-май бекетінің жанындағы газ құю бекетінде өрт туралы хабар келіп түсті.

Алғашқы жетіп келген өрт сөндіру бөлімдері көлемі 4 тонналық газ цистернасында газ жанын жатқандығын анықтады. Өрт сағат 16:08-де оқшауланып, сағат 16:10-да толығымен сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Оқиға орнында газ құю бекетінде оператор жұмысын атқарып жүрген 1992 жылы туған ер азамат зардап шегіп, 18% беті және екі қолының білегі 1 дәрежелі күйікке шалған. Зардап шеккенге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, үйіне қайтарылды.

Өртті сөндіруге Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамында 21 адам, 7 техника, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылды.

 

QAINAR KÓZШымкент қ.ТЖД қоғаммен байланыс тобы