Көпірден секірмек болған азаматты құтқарып қалды

263
фото sn.kz

 

2021 жылдың 20 маусымында Шымкент ҚПД Еңбекші ауданы Полиция басқармасының «102» телефонына Қапал батыр көшесінде орналасқан көпірден ер-азаматтың секіруге оқталып тұрғандығы жайында хабарлама түскен.

Оқиға орнына жіберілген Патрульдік полиция полкінің инспекторы полиция аға лейтенанты Нұржан Садхан сол жерге жеткен кезде ер адамның көпір жақтауына шығып секіруге оқталғанын байқайды. Полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, көпір жақтауында тұрған жігітті қауіпсіз жерге шығарып үлгереді.

Полиция қызметкерлері жедел әрі үлесімді әрекеттерінің арқасында тұрғынның өмірін құтқарып қалды. Өмірімен қош айтыспақ болған азаматтан, мән-жайды анықтау үшін Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жеткізілді.

 

QAINAR KÓZШымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі