Ордабасы: 5 айда ауыл шаруашылығы өнімі 14 млрд. теңгеге жетті

100

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, қаңтар-мамыр айларында Ордабасы ауданында өндірілген ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 13 млрд. 795 млн. теңгені құрап, 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3 млрд. 298 млн. теңгеге артты.

Ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемін 6 млрд. 200 млн. тг жеткізу жоспарының 4 айдағы орындалуы 4 млрд. 642 млн. теңгеге немесе 75 пайызды құрады.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемін 65 780 гектарға орналастыру жоспарланып, бүгінгі күнге нақты 65 904 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылып, жоспар 100,2 пайызға орындалды.

2020 жылдан бері ауданда егістік жерлерді тиімді пайдалану бағытында 1 алқаптан 2 рет өнім алу жобасы қолға алынған. Өткен жылы 86 шаруа 169 гектар жерден 2 рет өнім алса, ағымдағы жылы бір жерден екі өнім алуға ниетті 257 шаруа 524,47 гектар жерге алғашқы өнімдерін отырғызды.

QAINAR KÓZТүркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі