Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ қызметкерлерін құттықтады

320

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтады.

Құттықтауда ақпарат саласын дамытуға мемлекет тарапынан қашанда ерекше көңіл бөлінетінін, өз кәсібінің майталманы болған қарымды журналистерге қолдау көрсетілетінін атап өтті.

«БАҚ саласындағы дәстүрлі Президент сыйлығы – соның бір көрінісі», — деді Мемлекет басшысы. Сондай-ақ, ақпарат саласының маңыздылығын айтқан ел Президенті мемлекет пен қоғамның ортасында алтын көпір болып жүрген тілшілердің еңбегін жоғары бағалайтындығын жеткізді.

Еске салайық, 28 маусым — Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып бекітілген.