Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық бейбітшілік пен сенім жылына, Халықаралық бейтараптық күніне және Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған халықаралық форумға қатысты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық су ұйымын құруды ұсынды.
Бұл бастама бойынша халықаралық консультация процесін 2026 жылдың сәуірінде Астанада өтетін Аймақтық экологиялық саммит аясында бастау жоспарлануда.
Қ.Тоқаев аймақ үшін барған сайын өзекті болып келе жатқан су тақырыбына ерекше тоқталды. Ол аймақ үшін су тапшылығы енді абстрактілі қауіп емес, қауіпсіздік мәселесі екенін ашық айтты. Шекарааралық суды пайдалану мәселелері және Арал мен Каспий теңіздерінің жағдайы, деді ол, шұғыл және бірлескен шешімдерді қажет етеді.







