Шымкент: 103 адам коронавирус жұқтырған

148

Шымкентте өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 103 азамат (44 симптоммен, 59 симптомсыз) анықталды. Олар өздеріне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған. 22 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 83 адам үй бақылауына алынған.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жасалуда.

Қазіргі уақытта қаладағы мамандандырылған инфекциялық орталықта 1 276 төсек-орын бар. Оның ішінде 898 төсек орны бос. Ал 378 азамат жұқпалы және карантиндік ауруханаларда, стационарда ем қабылдауда.

Айта кетейік бір тәулік ішінде қалада 2237 адам вакцина алды
(I компонент-1227, II компонент-1010). Егу науқаны басталғалы барлығы 251 312 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 149 015 адам вакцинаның екі компонентін алды.

QAINAR KÓZШымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі