Шымкенттегі басты сағатқа қаланың логотипі қойылды. Естеріңізде болса, осыдан тура бір апта бұрын Әл Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев 2021 жылы жасалынған жұмыстарымен бөліскен болатын. Есеп беру жиынында “Отырар” телеарнасының журналисі халықты жиі мазалайтын шағымдарды жеткізген еді. Соның бірі теміржол вокзалындағы қауіпсіздік пен басты сағаттың жиі істен шығатыны. Бұл мәселені аудан әкімі бір айдың ішінде шешемін деп уәде еткен болатын.
Енді теміржол вокзалындағы қаланың басты сағаты жөндеуден өтетін болды. Ал жөндеу жұмыстары кезінде сағатқа Шымкенттің логосы қойылды. Нәтижесінде пойызбен келген жолаушылар вокзалдан шыққан кезде қаланың маңызды элементін көретін болады дейді әкімдіктегілер. Қаланың басты сағаты соңғы рет 2012 жылы жөндеуден өткен болатын.
Камила Есенғали