Шымкентте дүкеннен садақа жәшігін ұрлаған азамат анықталды

291

 

 Қаратау АПБ-ның «102» нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданды. Ол өз арызында белгісіз тұлға дүкенінде болған 2 дана садақа жәшігін, құны 6.000 теңге тұратын дыбыс зорайтқышын, «Эйрподс» құлаққабын және құны 21 000 теңге тұратын канцелярлық құралдарын ұрлап кеткенін көрсеткен.

Қаратау аудандық полиция басқармасы Криминалды полиция қызметкерлері жергілікті жердің тұрғынын анықтап, жеткізді. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Өз кезегінде, тәртіп сақшылары ұрлық жайты орын алған жағдайда, тез арада «102» нөміріне хабарласуын сұрайды.

 

QAINAR KÓZШымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі