Қазгидромет қызметінің Түркістан облыстық филиалы мамандарының мәліметіне сүйенсек, 8-ші маусымда Түркістан облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр, найзағай, дауыл, шаңды дауыл болады.
Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 8-13, кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/сек. Ауа температурасы түнде 17-22, кей жерлерде 25 градус, күндіз 32*37 градус, кей жерлерде 29 градус жылы болады.
Түркістан қаласындағы ауа райы: көшпелі бұлтты, түнде және таңертең өткінші жаңбыр, найзағай болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 8-13, екпіні 15-20 м/сек. Ауа температурасы түнде 23-25, күндіз 35-37 градус жылы болады.
Шынар Оразова