Қазақстанда жанармай бағасы былтырғы маусыммен салыстырғанда 13,6 пайызға өсті. Сарапшылардың пікіріне сүйенетін болсақ, жанармай бағасы Түркістан облысында 17 пайызға, ал Шымкентте 16,5 пайызға қымбаттаған.
Energyprom.kz дерегі бойынша, Еуропа мен ТМД елдері арасында жанармай бағасы ең арзаны Қазақстанда екен. Ағымдағы жылдың бірінші жартысында отынның орташа бағасы 185,51 теңге құрапты. Бұл шамамен, 0,43 доллар. Осылайша рейтингке енген 26 елдің ішінде бірінші орынды иеленді.
Ал бензин бағасы ең қымбат ел — Финляндия, жанармай бағасы орта есеппен 1,90 долларды құрайды. Айта кетейік, елде жыл басынан мамыр айына дейін бензин өндірісі 4,6 пайызға артып отыр. Яғни, барлығы 1,9 миллион тонна бензин өндірілген.
Мөлдір Ибадуллаева