Ғасыр жасаған әжей жауапты науқанға қатысты

71

Ғасырдан аса ғұмырында Тотыай Тюлегенова талай сайлауға белсенді қатысқан. Бұл жолғы жауапты науқаннан да шет қалуды жөн көрмепті.

Жүйелі ұйымдастырылған науқанда сайлау учаскесі комиссияларының мүшелері денсаулығына байланысты үйлерінде отырған ардагерлер мен зейнеткерлерге де дауыс беру мүмкіндігін сыйлады.

Қарамұрт ауылындағы 103 жасты қарсы алған Ұлы Отан Соғыс ардагері, 5 ұлдың анасы 17 немеренің әжесі, 54 шөбересі бар абыз Ана Тюлегенова Тотыай өз таңдауын жасады.

Сайлаушылардың барлығына бірдей мүмкіндік жасағандарға риза болған асыл әжей «Бізде бәрі жақсы болады деп ойлаймын, елімізде тыныштық болсын, барлықтарыңа мені жасымды берсін» деп батасын берді.