Түркістан облысында сайлаушылардың 79 пайызы өз таңдауын жасады

177

Елімізде алғаш рет өткен ауыл әкімдерінің сайлауында түркістандық сайлаушылар белсенділік танытты. Облыстық сайлау комиссиясының мәліметінше, саяси додада дауыс беру құқығына ие тұрғындардың 79 пайызы өз таңдауын жасады.

Бұл 209 227 сайлаушы. Ал өңірдегі жалпы сайлаушы саны – 265 146. Аумақтық сайлау комиссиялардың сайлауды әзірлеу мен өткізу бойынша бекіткен талаптары негізінде облыстағы барлық 241 сайлау учаскесінде сайлаушылардың дауыс беру мерзімі жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де аяқталды.

Дауыс беру уақыты аяқтала салысымен сайлау учаскелерінде бюллетеньдерді санау жұмыстары жүргізілді. Айта кетейік, облыста 60 ауылдық округ әкімінің сайлауы өтті. 166 үміткер бағын сынады.

Олжас Айдарбек