Газ баллондарды жекеменшік үйлерде сақтау дұрыс па?

106

Күнделікті тұрмыста кеңінен қолданылатын газды пайдаланудың ережелерін білеміз бе? Газ толтырылған баллондарды жекеменшік үйлерде сақтау дұрыс па? Шымкент қаласында жауапты мекемелер қала әкімінің орынбасары М.Исаховтың тапсырмасы негізінде, қауіпсіздік ережелерін түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың тұрмыстық баллондары мен газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізуде.

Қала аумағындағы тұрғындарды жаппай қамту мақсатында, газ техникалық инспекция бөлімі және аудан әкімдіктерімен бірлесе қоғамдық бірлестіктер және 24 жас ерікті тартылды. Мобильді топ тұрғындар арасында үгіт-насихат түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жаднамалар таратты.

Аталған іс-шара жұмыстарын жүргізуге белсінділік танытқан жас еріктілерді Басқарма басшысы алғыс хатпен марапаттады.

Айта кетейік, қала бойынша орталық газ жүйесіне қосылған – 192 780 абонент бар. Оның ішінде: көпқабатты тұрғын үйлер бойынша 85 243 абонент болса, жеке сектор бойынша 100 362 абонент. Ал өндірістік кәсіпорындар және әлеуметтік нысандар бойынша 363 абонент, тұрмыстық шаруашылық мекемелер бойынша 6 812 абонент.

QAINAR KÓZШымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі