Шымкенттегі жарылыстан зардап шеккендерге көмек көрсетіледі

320
Шымкенттегі жарылыстан зардап шеккендерге көмек көрсетіледі

Шымкенттегі үйде болған жарылыстан зардап шеккендер көмексіз қалмайды. Бүгін облыс және Шымкент әкімдігінің өкілдері Шымкенттегі газ құбыры жарылған үйге арнайы барды. Оқиға орнында болған Жансейіт Түймебаев басшысы зардап шеккен жанұяларға 200 мың теңгеден аса қаржылай көмек көрсетілетінін жеткізді. Қазіргі таңда қайғылы жағдайға байланысты арнайы комиссия құрылып, тексеру жұмыстарын бастап кеткен.

Шымкенттегі жарылыстан зардап шеккендерге көмек көрсетіледі

Жекеменшік үйдегі жарылыстың қатты болғаны сонша, екі қабатты ғимараттың қабырғасы опырылып түскен. Апат кезінде мұнда тұрып жатқан екі отбасы мүшелерін қираған қабырғалар басып қалыпты. Соның салдарынан бір азаматша оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Оқиға орнына обылс әкімі бір тәуліктің ішінде екінші рет келді.

Бейсенбек Жанбосынов, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары: «Алдын ала зерттеу бойынша бұл жерде заңсыз орнатылған газдың кесірінен отбасылар зардап шегіп отыр. Ал қаза тапқан адам бүгін сағат 12-де Жаңабазар елдімекенінде жерленді. Оған үй иесі қызмет еттетін әскери мекеме көмектесіп, барлығын шығынды өздері алған.»

Шымкенттегі жарылыстан зардап шеккендерге көмек көрсетіледі

Бірақ, газ жарылысы болған үйдің иесі Аманбек Сәуірбаев қала әкімдігінің өкілдері айтқан мәліметпен келіспейді. Оның айтуынша, жалға берілген бұл пәтерлерде газ қондырғылары заңды түрде дұрыс орнатылған.

Ағынан ақталғанымен, үй иесі газ құбырларының дұрыс орнатылуы жөнінде құжатты көрсете алмады. Өзінің кінәсіз екенін дәлелдегісі келді ма, тілшілерге барынша өзін ақтап шыққысы келді. Бірақ, «Қаз ТрансГаз Аймақ» компаниясының өкілдері үй иесінің сөзін жоққа шығырып, заңсыз орнатылған газ құбырлары қайғылы жағдайдың орын алуына себеп болды дейді.

Өрт кезінде құтқарылған төрт азаматқа медициналық көмек көрсетілген. Қазір оның екеуі ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер қолдан келген емді жасап жатырмыз дейді.Ал,  жарылыстан аман қалған азаматтарға облыс басшылығы көмек беруді ұйғарды. Енді зардап шеккен отбасыларға мемлекет тарапынан 200 мың теңгеден аса қаржылай көмек беріліп, уақытша баспанамен қамтамасыз етпек.

Ал бүгін таңертеңнен редакциямызға осы қайғылы жағдайға тап болған отбасыларға көмек қолын созсақ деген қалалықтар хабарласты. Арнайы есеп-шот ашылса, шетте қалмаймыз деген ниетін білдірушілердің бары қуантады.