Жер телімін қалай сатып алуға болады?

134

Зейнетақы жинағының  шекті мөлшерінен асатын ақшаға жер телімін сатып алуға болады.

Бұл туралы «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді. «Біз бүгін осы опцияны іске қостық. Енді зейнетақы жинағының бір бөлігіне жер телімін сатып алуға болады. Порталда арнайы батырма енгізілді», – деді Ибрагимова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.