Шымкент гарнизонында сенбілік өтті. Шаруашылық құрал-саймандармен және қаптармен қаруланған механикаландырылған бригаданың әскери қызметшілері мен әскери қалашықтың тұрғындары тратуарлар мен гүлзарлардан қоқыстарын жинады.
Сенбілік – тазалық, тәртіп және жақсы көңіл-күй мерекесі. Ортақ күш-жігермен жергілікті аумақты тез арада ретке келтіруге болады.

Қатысушылар жұмыс құрал-саймандарын, сыпырғыштар мен тырмаларды бірге бөліп, аумақты тазалау жұмыстарын жүргізді. Олар шөптер мен жапырақтарды, тұрмыстық қоқыстарды алып тастап, үйлердің айналасын жинап, іргелес аумақтағы жолдарды ретке келтірді.

– Гарнизондағы сенбіліктер біздің жақсы дәстүріміз деп атауға болады. Бұрын, балалық шағымызда ата-аналарымыз сенбіліктерге мейрамға барғандай баратын күндер есімізде. Шынында да, бұл біздің сүйікті аймағымызды тазартып қана қоймай, сонымен бірге әріптестерімізбен таза ауада уақыт өткізуге тамаша мүмкіндік. Дене белсенділігі де жақсы денсаулыққа жақсы әсер етеді, – деп атап өтті механикаландырылған бригада командирінің тыл жөніндегі орынбасары подполковник әділ Тастамбеков.

QAINAR KÓZШымкент гарнизонының баспасөз қызметі