Шымкент: Полицейлер адам саудасына қарсы күрес күніне орай акция өткізді

270

Ағымдағы жылдың 30-шілдесінде Шымкент ҚПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Халықаралық адам саудасына қарсы күрес күніне орай, қала аумағында ауқымды акция ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты адам саудасына қатысты қылмыстардың алдын алу және оларды болдырмау болып табылады.

Аталған шараға қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, «Самғау сенім» арнаулы әлеуметтік қолдау орталығы, «Сана сезім» әйелдер бастамасының құқықтық орталығының өкілдері атсалысты. Акция барысында тәртіп сақшылары теміржол вокзалы, әуежай, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында адам саудасының профилактикасы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Полицейлер қала тұрғындарына адам саудасы фактілері туралы кеңінен ақпарат беріп, бұл құқық бұзушылықтарға куә болған жағдайда жедел ішкі істер органдарына хабар беру керектігін түсіндірді.

Сондай-ақ, акция барысында азаматтарға республикалық «қызу желілердің» логотиптері бар парақшалар, қаламсаптар, блокноттар және шынаяқтар таратылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

QAINAR KÓZШымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі