Шымкентте тағы бір притон анықталды

109

Шымкентте жезөкшелікпен айналысуға арналған притон анықталды. Абай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері қаладағы қонақ үйлердің бірінде жезөкшелікпен айналысып жүрген үш әйелді анықтаған.

Бұл іс бойынша Қылмыстық кодекстің 309-бабының 1-бөлігімен іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Айта кетейік, қала аумағында полицейлер жеңгетайлық пен притон ұстау жайттарының жолын кесуге, жезөкшелікпен айналысатындарды анықтауға және оларды есепке қоюға бағытталған жедел-профилактикалық іс-шараларды тұрақты негізде жүргізіп келеді.

Тәртіп сақшылары бұл шаралар барысында көңіл көтеру орындарын, монша кешендерін, сауналарды, қонақ үйлерді және жалға берілетін пәтерлерді тексереді.

                                        Әлихан Файзханов