Үйден шықпай-ақ қоғамдық көлік жұмысына шағым түсіре аласыз

214

Енді шымкенттік жолаушылар қоғамдық көліктердің сапасына қатысты өз өтініштерін үйден шықпай-ақ жолдай алады. Қала әкімдігіндегілердің мәліметінше, avtopark-shymkent.kz веб-сайтындағы «шолу қалдыру» батырмасы арқылы белгілі бір қалалық қоғамдық автбоус бағытына шағым, алғыс немесе ұсыныс қалдыруға болады.

Портал 27 шілдеден бастап іске қосылған. Жолданған хатқа 1 күн мен 5 күн аралығында жауап қайтарылады. Жаңадан іске қосылған сайтқа 2 күн ішінде 5 шағым түскен екен.

Жандос Сардаров, Оқыту және сертификациялау орталығының басшысы: «Порталда операторлар жұмыс атқарады. Барлық шағымдар мен өтінімдерді қабылдап, тікелей транспорттық компанияларға жібереді. Одан соң жауабын алады. 2 күн ішінде 5 шағым түсті. Болашақта біз қосымша телеграмм бот жасап сол арқылы шағымдар қабылдаймыз».

Олжас Айдарбек