Әлеуметтік желі арқылы ақшасын үптеп кетті…

125

2021 жылдың 13-тамызында Әл-Фараби АПБ-на Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Ол өз арызында «WhatsApp» әлеуметтік желісінен телефон нөміріне белгісіз тұлға танысы екендігі туралы хат жазып, сеніміне кіру арқылы 80 000 теңгесін алаяқтық жолмен иемденіп алғандығын көрсетті.

Әл-Фараби АПБ КПБ қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің тұрғынын анықтап, жеткізді. Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға абай болуға және бейтаныс азаматтарға ақша бермеуге кеңес береді.

QAINAR KÓZШымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі