«Алтын белгі» үміткерлеріне талап күшейтіледі

305

 Елімізде «Алтын белгі» үміткерлеріне талап күшейтіледі. Білім және ғылым минстрі Асхат Аймағамбетовтің сөзінше, түлектер үшін енді емтиханды тәуелсіз ұйымдар өткізетін болады. Бұл талап кезең-кезеңімен өзгертіліп отыр. Өткен жылдан бері де бірқатар өзгерістер енгізілген. Бас ұстаз бұл реформа оң нәтижесін береді деген сенімде.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі: «Биыл енді екінші кезең қамтылады. Екінші кезең дегеніміз, жылдық «бес» бағасымен қатар, үміткерлердің 5-11 сынып аралығындағы барлық тоқсандық бағалары да «5» болуы керек деген қағида енгізіледі. Оны өте маңызды қағида деп санаймын. Сондықтан осы шешімді де қабылдап отырмыз».

Өткен оқу жылының қорытындысы бойынша елімізде 9738 түлек «Алтын белгі» иегері атанған. Оның басым бөлігі, яғни 1856-сы Түркістан облысынан шыққан. Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстары үздік үштікті қорытындылаған.

 Әлихан Файзханов