Мұрат Әйтенов: «Халық арасында сауатты түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет»

79

Жыл басынан бері Шымкент тұрғындары арасында аса қауіпті инфекция түрлері бойынша қолайсыз ахуал  тіркелмеген. Бұл туралы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы қала әкімі Мұрат Әйтеновке есеп беру жиынында айтты.

Сөзінше, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда қызылша, менингококты инфекция, ботулизм, жіті вирусты гепатиттер, тұмау, қышыма және энтеробиозбен сырқаттанатындар саны азайған.

Сондай-ақ, жиында сала жауаптысы ковид-19 індетінің таралуын болдырмау шаралары өз деңгейінде жүргізіліп жатқанын жеткізді. Алайда, қазіргі таңда дәріхана мамандары тарапынан тәжівирус бойынша ем жүргізу протоколына сай келмейтін дәрілер тағайындау жағдайлары орын алып жатыр.

Сондықтан қала басшысы тұрғындар арасында ауруды асқындырып алмау жөнінде сауатты түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

                                                                                         Мөлдір Ибадуллаева