Шымкент: “Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында өзімен қару алып жүрген автокөлік иесі анықталды
Ағымдағы жылдың 21-шілдесінен бастап, Республика көлемінде “Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылуда.
Іс-шара барысында 2021 жылдың 27-шілдесінде Шымкент ҚПД ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен рейдтік іс-шара өтті.
Нәтижесінде, қала аумағында «Audi-100» маркалы автокөлігі тоқтатылып, тексеру барысында автокөлік ішінен 1 дана шолақ мылтық бар екендігі анықталды.
Аталған автокөлік иесі Әл-Фараби АПБ-на жеткізілді. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.
Айта өтетін ақпарат, «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы 2021 жылдың 20-тамызына дейін жалғасатын болады.