Қазақстанда әйелдерге арналған ипотекалық бағдарлама арқылы 325 адам баспаналы болды

146

Республикада әйелдерге арналған ипотекалық бағдарлама арқылы 325 адам баспаналы болды.

«Отбасы банкі» өкілдерінің айтуынша, «Ұмай» бағдарламасы басталғалы 475 өтініш түскен. 3,4 млрд. теңгеге 400 тұрғынның өтініші қабылданған. «Ұмай» арқылы үй алу үшін отбасының кірісі 320 мың теңгеден аспауы керек. Несие 25 жылға дейін беріледі.

Бастапқы жарнаға пәтер құнының 15 пайызын төлеу қажет. Пайыздық мөлшерлемесі 12 пайыздан басталып, біртіндеп 5-3,5 пайызға азаяды. Тұрғын үйдің бағасы 30 млн. теңгеден аспауы шарт.

Шынар Оразова