Қазақстандықтар 163 млн. теңгенің ескі банкнотын айырбастады

167

Ұлттық банкі 12 маусымнан бастап 2006 жылы және одан кейін шыққан банкноттарды мерзімсіз айырбастау кезеңі күшіне енгенін еске салады.

Осы уақыт аралығында қазақстандықтар жалпы мөлшері 163 млн теңгеге 66 403 банкнот айырбастап алды, деп хабарлайды.

Айта кетейік, айналымнан шыққан 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500, 1000, 2000, 5000 және 10 000 теңгелік банкноттарды шекті мерзіміне қарамастан Қазақстан Ұлттық банкінің аумақтық филиалдарында айырбастауға болады.

Жаңа банкнот шыққан жағдайда ескі үлгісі 12 ай бойы қолданыста қатар жүреді. Бір жыл бойы ескі банкнот та, жаңа банкнот та заңды төлем құралы болып саналады және олар барлық төлем түрі бойынша қабылдануға міндетті.

Шынар Оразова