Шымкент: 5 жасар бала терезеден құлап кетті

111

Оқиға түнгі уақытта орын алған. Осы көпқабатты үйдің екінші қабатындағы терезеден бес жасар бала құлап кеткен. Анықталғандай, бала өз бөлмесінде ойнап жүрген. Бір сәтте ол терезеге жақындап, жақтау жағынан құлапты. Жедел жәрдем қызметі баланы жансақтау бөліміне жеткізді.

Бахадыр Расулов, Әл-Фараби аудандық ТЖ басқармасының бастығы: «Кішкентай бүлдіршіннің әйнектен құлап кету фактісі орын алғандығы туралы біздің кезекші бөлімге хабарлама түсті. Оқиға орнына Әл-Фараби ауданы басқармасының қызметкері келген жағдайда анықталғандай, көпқабатты тұрғын үйдің 2 қабатында тұратын  отбасының 2016 жылғы бүлдіршіні 2 қабаттан түсіп кеткен».

Дәрігерлер баланың қазір есін жиғанын айтып, жағдайы тұрақты деп отыр.

Гүлзира Құдайбергенова, дәрігер: «Науқас бізге жабық бас сүйек миы, бас миының құлағы, жұмсақ тіндердің құлағы, аяқ-қолы және мұрынның сынуы диагнозымен түсті. Қазіргі жағдайы бірқалыпты».

Төтеншеліктердің айтуынша, бұл жыл басынан бері орын алған үшінші оқыс оқиға екен. Оның бірі бала өлімімен аяқталды дейді жауаптылар.

Осы ретте құтқарушылар терезелерді бекітіп қою кейде қайғылы жағдайлардан қорғамайды деп отыр. Ең бастысы баланы бір сәтке де оңаша қалдыруға болмайды деп ескертеді. Ешқандай ескерту ересектердің назары және қырағылығын алмастыра алмайды.

Әлихан Файзханов