Бүгін 20.20 да Қарабұлақ ауылдық округінде Алмазар көшесінің 17 үй тұрғыны ұлын үйлендіріп 120 адамға «КЕЛІН ТОЙ» жасап дүркіретіп өткіземін деген ойы жүзеге аспады.
Оқиға орнында аудандық мобильді топ және тәртіп сақшылар барып тойдың басталмауына себеп болды, той иелеріне тиісті шара қолданды.
Түркістан облысы «жасыл» аймақта болғанымен де карантин талабы әлі жеңілдемегенін түсінбей, жаппай той-тойлауды тоқтатар емес. Карантин шектеулерін бұзу фактілері айыппұлдарға әкелерін білседе, соған қарамастан тоқтату ойларында жоқтығы белгілі болды.
Қадірлі Сайрам ауданының тұрғындары мобильді топ мүшелері демалыссыз, үзіліссіз, 24/7 уақыт жұмыс жасауда екендігін назарға сала отырып, көпшілікті жинамай сабыр сақтауға шақырамыз.