Тойдың шырқын бұзу оңай емес…

194

Бүгін сағат 11:20-да аудандық мобильді топ Манкент ауылдық округіндегі «Ақниет» мейрамханасында өтейін деп жатқан «Қыз ұзату» тойдың үстінен түсті.

Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары Асқар Бекболатұлының «Сайрам ауданы аумағында карантин мен шектеу шараларын қатаңдату туралы» №18 қаулысына қарамастан, ұйымдастырушы тойға 80-ге жуық қонақ шақырған. Отбасылық мереке тоқтатылды.

Мейрамхана иесі мен той ұйымдастырушысы салынған тыйымды елемей, адамдардың денсаулығына қауіп төндіретін жағдай орнатты.

Айта кетсек, аудандық полиция басқармасы тарапынан мобильді топ мүшелерінің анықтаған карантин талаптарын сақтамай жұмыс істегені үшін жеке кәсіпкер Узакова Самал Жаулыбаевнаға ҚР ӘҚБт Кодекстің 425 бап 1 бөлігімен 230 АЕК (638 940 теңге) теңге айып пұл салынды.

Өкінішке орай, салынған тыйымды елемей, отбасылық мерекелерді аудан тұрғындары әлі де өткізуде, сол арқылы егде жастағы адамдардың ғана емес, балалар өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп отыр.

QAINAR KÓZСайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі