Жаңа оқу жылында Түркістан облысындағы 38 мұғалім мен 148 оқушыда Ковид анықталды. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, вирус жұқтырған 71 оқушы офлайн форматта оқыған, ал қалған 77-сі оқу жылы басталмай науқастанған.
Қазір аурулармен байланыста болған 2176 оқушы 14 күндік карантинге жіберілген. Бүгінде облыстың 934 білім беру ұялары Ashyq бағдарламасы бойынша жұмыс істейді.
Айта кететін жайт, бақылау басқармалары тарапынан оқу жылы қарсаңында білім ордалары қызметкерлерімен Zoom платформасы арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізілген.
Коронавирустың алдын алу мақсатында, білім мекемелерінде қаулыға сай санитарлық талаптар қатаң сақталу тиіс. Нормаға сәйкес ғимаратқа кірушілердің дене қызуы өлшеніп, қол антисептикпен өңделуі қажет.
Сондай-ақ, лас маскаларды тастайтын жәшіктер орнатылып, әлеуметтік қашықтық сақталуы тиіс.
Диана Біржанова