Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік сатушылар үшін жалдау ақысы төмендетіледі

64

Үкімет Инфляцияға қарсы әрекет ету жөніндегі шаралар кешенін әзірледі.

Біріншіден, азық-түлік инфляциясын тежеу жөніндегі жедел шаралар аясында экономиканың секторларында құн белгілеудің бүкіл тізбегінде бағаны тұрақтандыру бойынша нақты шаралар қабылданады.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті сатып алу ұйымдастырылып, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясының» қайта өңдеушілер үшін шикізаттың болжамды әрі тұрақты бағасын қамтамасыз етудегі рөлі кеңейтіледі», – деді .кімет басшысы Асқар Мамин.

Айтуынша, өндірушілерге жеңілдікпен кредит пен субсидия беру механизмдері кеңейтіліп, агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін сақтау инфрақұрылымын салу үшін субсидиялау нормалары ұлғайтылады. «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік сатушылар үшін жалдау ақысы төмендетіледі.

Шынар Оразова