Ауыл кәсіпкерлерін несиелендіруге 22 млрд. теңге бөлінді

50

Кәсіпкерлерге несие алу шараларын жеңілдету керек. «Атамекен» палатасы осындай ұсыныс білдіріп отыр. Мәселен, ауылдағы іскер азаматтардың көпшілігі кепілсіз берілетін несиеге мұқтаж. Өйткені ауылдағы кепілзат құны өте төмен бағаланады.

Мемлекет басшысы да биылғы Жолдауында осы мәселеге тоқталған. Президент микроқаржы ұйымдарының әлеуетін іске қосу керек деп айтты. Осы орайда биыл ауыл кәсіпкерлерін несиелендіруге 22 млрд. теңге бөлінді. Осы арқылы 5 мыңнан астам жоба қамтылмақ.

«Атамекен» ҰКП бағытынан 15 микроқаржылық ұйымдар ашылды. Олардың 14 -і өңірлерде, біреуі Шымкент қаласында. Микроқаржылық ұйымдар осы ауылдық жерлерде тұратын азаматтарға 6 пайызбенен 7 жылға дейін несие береді.

Шынар Оразова