«Егер бостандыққа шықсам»…

110

Шымкент колониясының тұтқыны, егер оған рақымшылық бойынша бостандыққа шығу мүмкіндігі туса, не істейтінін айтты. Егер бұл орын алса, тонау үшін сотталған адам киноактер ретіндегі мансабын бастауға ниетті.

Түрмеден шыққаннан кейін 27  жастағы жігіт қалыңдық әкеліп, анасын қуантуды армандайды.  Ерболдың, (қамаудағының аты оның өтініші бойынша өзгертілген), темір торда жатқанына 1,5 жыл болыпты.

«Қылмысты 2018 жылы жасадым. Онда 25 жаста едім, Көшеде гоп-стоппен айналыстым, бір жігіттің ұялы телефонын тарып алдым. Нәтижесінде 3 жылға бас бостандығымнан айырылдым.  Жасағандарым үшін қатты өкінемін.  Қазір өзіме сұрақ қоямын:» Неліктен олай жасадым? Не үшін ол қажет болды?» деп  көп ойланамын», дейді.

Темір торға түскенде ғана үлкен қателік жібергенін сезінгенін айтады.  Оның құрдастары өздерін өмірде тапқан. Олар жұмыс істейді, отбасы мен балалары бар.

Ал Ербол бәрінен бұрын өз анасының алдында ұялатындығын айтады: «Алтын уақытымды өткізіп алдым, жастық шағымды. Күнде анамды ойлаймын, мен үшін қаншама көз жасын төкті. Қатты өкінемін».

Бостандықта жүргенде ол жарқын тұлғалардың бірі болды. Музыкалық колледжді бітіріп, модель, актер, тамада болып жұмыс істеді, «Мистер Қазақстан» байқауының финалына шығуды жоспарлады. Кейін жасаған қылмыстың кесірінен барлығынан айрылды.

Ербол: «Мен бұрын үйлену тойларында жұмыс істеген едім, киноактер болдым .  Мемлекеттік телеарнада көрсетілетін сериалда ойнадым. Уақыт қайтып келмейді. Мен дұрыс жолға түскім келеді. Отбасын құруды  армандаймын,  лайықты азамат болғым келеді».

Қазір Ербол колонияның тігін шеберханасында жұмыс істейді. Ол Тәуелсіздіктің 30 жылдығына жарияланған рақымшылыққа ілінемін деп үміттеніп отыр. Бостандыққа шыққаннан кейін актер ретіндегі мансабын жалғастыруды, шығармашылықпен айналысуды армандайды.

Шынар Оразова