“Мерейлі отбасы”: Жеңімпаздарға 5 млн. теңге табысталды

68

Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов «Мерейлі отбасы» конкурсының жеңімпазына Президент сыйлығын салтанатты түрде табыстады. Отбасы күні қарсаңында жоба лауреаттарына Мемлекет басшысының атынан алғас хат пен 5 млн. теңге қаржылай сыйақы берілді.

Естеріңізге сала кетейік, үшінші мегаполис бойынша Әлиевтар отбасы жеңімпаз атанған еді. Бүгінде қазақтай дархан елдің кеңдігіне күә болған отбасы перзенттерін туып өскен жеріне аянбай қызмет етуге тәрбиелеп келеді.

Бұл Шымкент қаласы бойынша «Мерейлі отбасы» конкурсының жеңімпазы атанған Әлиевтар жанұясы. Бүгін үшінші мегаполис әкімі Мұрат Әйтенов жоба лауреаттарына Президент сыйлығын табыстады. Халыққа үлгі болған шаңыраққа арнайы алғыс хат пен 5 млн. теңге сыйақы ұсынылды.

Бачак Әлиев ішкі істер саласының құрметті ардагері, зейнеткер. Бүгінде үш баласынан он немере, 14 шөбере тәрбиелеп отыр. Ұлдары жеке кәсіппен айналысады. Немерелері ұлттық аспапта ойнауды шебер меңгерген. Бүгінде 3 ұрпақтан тараған 5 жанұя бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүруде. Қазақтай дархан елдің кеңдігіне күә болған отағасы перзенттерін туып өскен жеріне аянбай қызмет етуге тәрбиелеп келеді.

Еске салсақ, байқаудың шарты бойынша Шымкент қаласының тұрғындары арасынан барлығы 110 өтініш қабылданған болатын. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 4 есе көп. Сонымен қатар, биылғы жылы байқауға көп балалы және жас отбасылар да белсене қатысты.

Айта кетейік, биыл конкурсты өткізудің жаңа тәсілдері енгізілді. Соған сәйкес енді жыл сайын республика бойынша 17 үздік отбасы анықталатын болады.

Мөлдір Ибадуллаева