Сайрамда ірі мал бордақылау нысаны ашылады

130

Жыл соңына дейін Сайрам ауданында жалпы аумағы 76 гектарды қамтитын ірі мал бордақылаудың кешенді алаңы ашылады. Аталған нысанның құрылысы Қайнарбұлақ ауыл округінде жүргізілуде.

“Бексұлтан 112” ЖШС алаңда 21 мың бас бұқашық бордақыланады деп жоспарлауда. Аталған жобаны жүзеге асыруға 3 млрд. теңге бөлінген. Жауаптылар 3 айда алғашқы 1000 басты бордақылау алаңын қосуға ниетті. Жергілікті 25 тұрғын жұмыспен қамтылмақ.

Диана Біржанова