Сарыағаштықтар арықтың суын ішіп отыр

180

Сарыағаш ауданындағы бірқатар аймақ тұрғындары ауыз судан мақрұм болып отыр. Қараша халық ес білгелі арықтың суын ішеді екен.

Үйдегі егін алқабын арықтан насос арқылы суаратын олар, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне сол суды пайдаланатын көрінеді. «Осы жерден өзіміз де, төрт түлік малымыз да шөлін қандырады» деген тұрғындар «амалдың жоқтығынан күнелтіп отырмыз» дейді.

Нұриддин Жиенқожаев, тұрғын: «Туылғалы бері 1957 жылы туылғам содан бері бүкіл ауыл осы арықтан су ішеді. Оны баяғыдан бері айтып жатырмыз, жазып жатырмыз. Ойбай болады деп биыл су құбырын  жүргізді. Бұл енді су қай уақытта келеді беймәлім».

Аудан әкімдегілер тұрғындарды арықтан су ішеді деген пікірді жоққа шығарды. Сөздерінше, әрбір үйде құдық суы бар. Олар таза ауыз суына мұқтаж болып отырған жоқ деп сендірді.

«Құдықтан су алып ішеді, олар каналдың суын ішпейді. Енді сіздерге не ақпар бергенін білмеймін, мен соның алдында 3 км жанындағы көрші ауылда тұрамын. Бірақ қосымша ретінде әр үйде құдық суы бар», дейді әкімдіктегілер.

Әлихан Файзханов