Шардара 50 пайыз газбен қамтылды

132

Шардара ауданы Көксу ауылына көгілдір отын жеткізілді. Ауданда 10 ауылдық округ болса, оның 8-і табиғи газға қосылып, аудан бойынша газдандыру көрсеткіші 50 пайызды құрады.

Бұдан бөлек, аудан орталығын газдандыру бағытындағы құрылыс жұмыстары бірқатар шағынаудандарда кезең-кезеңімен аяқталуда. Жалпы қаладағы құрылыс жұмыстары аяқталса ауданның 80 пайызы көгілдір отынға қол жеткізеді.

Сонымен қатар табиғи отынмен қамту жұмыстары Қ.Тұрысбеков ауылында 2022 жылдың аяғына дейін, ал Жаушықұм ауылында 2023 жылдың соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Яғни бұл жоба аяқталса аудан толықтай 100 пайыз табиғи газбен қамтылмақ.

Жанерке Хумар