Шымкент: «Жомарт жүрек» үздіктері анықталды

43

 Шымкентте «Жомарт жүрек» қайырымдылық байқауының жеңімпаздары анықталып, марапаттау рәсімі болып өтті. Аталған байқаудың басты мақсаты -әлеуметтік жағдайы төмен жандарға көмек қолын созу.

Жомарт жандар «Жыл тұлғасы», «Жыл меценаты», » Туған өлке», «Жылдың үздік ұйымы» , «Жылдың үздік қамқоршысы» номинациясы бойынша марапатталды.

Қала бойынша «Жомарт жүрек» номинациясына Абай, Әл-фараби, Еңбекші, Қаратау аудандарында 32 үміткер тіркеліп, 20 азамат аталған 5 номинация бойынша қалалық кезеңге өтті. Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қатысып, алғыс хаттарын ұсынды.

Шыңғыс Мұқан, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары: «Адамның асыл қасиеттерінің бірі де бірігейі бұл жанашырлық, қамқорлық. Адам біреуге көмек беру арқылы рахат алады. Ол сезімді ешнәрсемен алмастыру мүмін емес. Сондықтан өздеріңіздің туып өскен өлкеге, өздеріңіз тұрып жатқан қалаға, онда тұратын мұқтаж жандарға көмектесу ол әрбір адамның азаматтық борышы десек, сол азаматтық борышты өздеріңіз терең сезініп осы үстіміздегі қиын жылдардың бірі боп есептелетін мезгілде мұқтаж жандарға қол ұшын беруіміз керек.

Қазіргі таңда іріктеуден өткен 5 азамат өңіріміздің атынан республикалық «Жомарт жүрек» байқауына жолдама алды. Жеңімпаздар енді екі кезеңнен тұратын іріктеуден өтеді. Өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру ұйымдастырушылардың интернет -ресурстары мен БАҚ беттерінде жарияланады.

Зауре Оралбаева, Шымкент қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің меңгерушісі: «Шымкентте негізінде қайырымды азматтар өте көп. Оны біз былтырдан бері осы 2019-2021 жылдың үздіктерін анықтап, 4 ауданға ұсыныстарын беру барысында көз жеткіздік. Былтыр 42 азамат осы 5 номинацияға лайықтымын деп оларды ұсынады, өздерінің топтары».

«Жылдың үздік ұйымы» номинациясына «Балтекстиль» кілем фабрикасы ие болды. Аталған мекеме жүздеген отбасыларға қаржылай және азық-түлік, тұрмысқа қажет заттармен қайырымдылық жасап отырады. Сондай-ақ, жыл басынан бері білім, спорт, мәдениет саласы бойынша жастар мен балаларды қолдауға қыруар қаржы бөлген.

Талғат Исхахов, «Балтекстиль» ЖШС-нің бас директоры: «Міндетіміз халыққа адал қызмет жасау, осы көмек сұраған азаматтарға қолымыздан келгенше көмек беру. Сол ел үшін қызмет жасай береміз. Бізді бағалаған қала әкімшілігіне ризашылығымызды білдіремін».

Жыл сайын қоғамдық шаралар мен ауқымды жобаларды үздіксіз демеп, қолынан келгенше көмектесу асыққандардың саны артуда. Қайырымды жандар Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласына осылайша өз үлестерін қосты.