Түркістан облысында жыл басынан бері 140 жол-көлік оқиғасы тіркелді

58

Жыл басынан бері Түркістан облысында 140 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Оның 113 жасөспірім түрлі дене жарақаттарымен ауруханаларға жеткізілген.

Осындай балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, балаларды жолда жүру ережелерімен таныстыру мақсатында Түркістан облысында «Абайлаңыз, балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Шара аясында Әкімшілік полиция басқармасы мен Жол және коммуналдық қызметтің қызметкерлерімен бірлесе отырып, мектептер мен мектепке дейінгі мекемелер және жолға жақын орналасқан балабақша ғимараттарының алдындағы жолдарға тексеру жүргізілуде. Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жол ережесін қатаң сақтауды ескертеді.

Жанерке Хумар