Түркістандық ақсақал қорық-музей қорына қолжазбалар мен көне кітаптар тапсырды

95

Түркістандық ақсақал музей қорына көне жәдігерлер тапсырды. Зейнеткер Алиакбар Жалилов «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің қорына 23 діни сипаттағы көне қолжазба мен тарихи кітап, сондай-ақ Ясауи кесенесі бейнеленген жарты ғасырлық тарихы бар кілемшені сыйға тартты.

Қарияның айтуынша, ХІХ ғасырға тән құнды дүниелер ата-бабаларынан және өзі білім алып жүрген кезеңде ұстаздарының берген кітаптарынан жинақталған. Алиакбар Жалилов табыстаған жазба ескерткіштері қатарында Әлішер Науаидің еңбектері, Софы Аллаярдың «Тақуалар жолы», Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистері туралы, Ислам шарттары, Араб тілінің синтаксисі, «Фикһ» сынды кітаптар мен қолжазбалар бар.