5 млн. аса отбасының цифрлық картасы жасалды

152

Өңірлерді дамыту жоспарында тұрмыстық зорлықтың алдын алуға арналған индикатор жоқ. Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мемлекеттік органдарға бірқатар ұсыныс айтты.

Комиссия төрайымы Ләззат Рамазанова тұрмыстық зорлықтың алдын алуға Әділет, Мәдениет және спорт, Ішкі істер органдары тартылмағанын жеткізді. Комиссия талдау жүргізіп, заңсыз әрекеттердің 75%-ы тұрмыстық жағдайда болатынын анықтаған.

Қазір «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасы 5 өңірде іске асып жатыр. Ал 5 миллионнан аса отбасының цифрлық картасы жасалған.

Шынар Оразова