9 мыңға жуық нысан ASHYQ жүйесіне қосылған

69

Шымкент бойынша 9 мыңға жуық кәсіпкерлік нысан ASHYQ жүйесіне қосылған. Бүгінгі таңда айтулы жүйе 641 тұрғыннан «сары», 1650 тұрғыннан «қызыл» статус анықтаған.

Қазіргі таңда азаматтарға екпе салу жұмыстарын 45 тен астам вакциналау бекеті жүргізуде. Олар тұрғындарға Спутник, QazCOVID-In, Hayat-Vax, CoronaVAC, Vero CELL түрлерін егіп жатыр.

Бүгінде Шымкент «жасыл» аймақта. Сондай- ақ, бүгінде қаладағы 41 817 нысанға тексеру жұмыстары жүргізіліп, оның 2541-і карантиндік талаптарды бұзғаны анықталған.

Диана Біржанова