«Гранд Прагадағы» кісі өлімі: Қылмысқа қатысы бар күдіктілер ұсталды

49

Шымкенттегі «Гранд Прага» мейрамханасында болған кісі өліміне қатысты күдікті ұсталды. Бұл туралы еліміздің ІІМ хабарлады.

Сонымен қатар, құқық қорғау органдары басқа да атышулы қылмыстық әрекеттер туралы баяндап берді. Олардың бірі қыздарды жеңіл жүріспен айналысуға мәжбүрлеген қылмыстық топ жұмыс істеп келген. Ал, тағы біреулері алтын кені кәсіпорындарында істеген.

Шымкент қаласындағы «Гранд Прага» мейрамханасында кісі өлтірді деген күдікті ұсталды. Бір жыл бұрын мейрамханада атыс болған. Салдарынан бірі кісі қаза тауып, біреуі жарақат алған еді. Аталған іс бойынша полиция қызметкерлері тергеу жұмыстарын бастап та кеткен. Тергеу екі бап бойынша, яғни «Кісі өлтіру» және «Атыс қаруын заңсыз сақтау, алып жүру және тасымалдау» баптары бойынша жүргізіліп жатыр.

Нұрділда Ораз, ҚР ІІМ ресми өкілі: «Шымкентте «Гранд Прага» мейрамханасында атыс қаруын қолданып, кісі өлтірген күдікті ұсталды. Талдықорған қаласында қазақстандық полицейлер 2014 жылдан бері іздеуде жүрген күдіктіні ұстады. Ол Бурятия аумағында адам ұрлау және бопсалау ісі бойынша осыған дейін іздеуде болған».

ІІМ мәліметі бойынша, қылмыскерлер кей жағдайда шетелге қашып кетеді. Қазақстаннан тыс аймақтарда ел полицейлері іздестіріп жатқан 33 құқық бұзушы ұсталған.

Сондай-ақ, құқық қорғау органдары Қазақстан мен Өзбекстан азаматтарынан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін тоқтатқан.

«Ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында 8 адам болды. Олар ғаламторда тегін хабарландырулар сайтында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде жарнамалар таратқан. Қыздарға жоғары ақы төленетін жұмыс уәде етіп, сосын оларды жеңіл жүріспен айналысуға мәжбүрлеген. Онда жалпы саны 30-ға жуық әйел «жұмыс істеген». Олар демалыссыз, тәулік бойы жұмыс істеп отырған» дейі.

Ал тамыз айының соңында құқық қорғау органы қызметкерлері кәсіпорындар мен кеніштерде құрамында алтын бар заттарды ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты ұстаған. Бүгінгі таңда полицейлердің пәтерлерді аралау жұмыстары жалғасуда. Қыркүйек айында тәртіп сақшылары 2 миллионға жуық пәтер мен жеке үйлерді тексерген.

Бір апта ішінде Қазақстанда 2 877 қылмыс жасалды, оның 1 847-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері 7 кісі өлтіруді, 2 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 2 қарақшылықты, 35 тонауды, 412 бөтеннің мүлкін ұрлаудың «ізін суытпай » ашты.

Сонымен қатар, құқық қорғаушылар қаруды заңсыз сақтау фактілері бойынша да мыңнан астам заң бұзушылық анықтаған.

Гүлдана Дәурен