Халық санағы: Интервьюерлерге қолдау көрсетейік!

81

Шымкенттіктердің назарына, 1 мен 30 қазан аралығында санақ дәстүрлі әдіспен, яғни интервьюрерлер үй шаруашылықтарын аралау арқылы сауалнама жүргізіп жатыр.

Шымкент қаласының Статистика департаменті 10-шы  қазан бойынша берген  мәліметіне сүйенсек, онлайн және оффлайн режимдерінде жалпы 331 мыңнан астам адам санақтан өткен. Бұл  мегаполистегі халық санының 30,1 пайызы.

Департаменттегілер сауалнама жүргізу барысында интервьюерлерге қолдау көрсетіп, қажетті мәліметтерді беруге тұрғындарды шақырады. Олардың қауіпсіздігін қамту мақсатында жеке секторлардағы үй иелері иттері болса байлап, түсініктік танытса. Қазақстанда – әркім маңызды!

Майра Юсупова, Абай ауданы бойынша № 54 учаскедегі интервьюер: «Мен мынадай куәлікпен үйлерді аралаймын. Біреулер есігін ашпайды, біреулер түсіністік танытып барлық мәліметтерді беріп жатыр. Телеарналардан санақ жайлы мәліметтер беріліп жатыр. Мен Абай ауданындағы Әулиеата көшесінде сауалнама жүргіземін. Санақтан өткен адамдарға мынадай анықтама беремін».

Шымкент қаласында 1383 санақ учаскесі бар. Онда 176 нұсқаушылық және 1207 санақ учаскесі құрылған.

Әрбір азамат халық санағының маңыздылығын түсінуі тиіс, ол еліміздің халқы бойынша нақты ахуалды біліп қана қоймай, демографиялық, әлеуметтік және саяси өмірдің көптеген аспектілері бойынша жағдайды болжауға мүмкіндік береді дейді  жауаптылар.

Халық санағы барысында алынған статистикалық деректер барлық деңгейдегі бюджеттердің барынша объективті қалыптасуына негіз болады.

Шынар Оразова