Биыл елде 770-тен аса кәсіпорын жұмысшыларына 4 млрд. 880 млн. теңге қарыз болған. Еңбек инспекторлары берешек жұмыс берушілерге 105 млн. теңге айыппұл салды.
Бұл кәсіпорындар азаматтардың жалақысын уақытында қайтармай, қарызға батқан. Сонымен бірге, оларға жұмысшылар айлығын белгілі мерзімде қайтару туралы 900-ден аса шарт қойылды. Қатаң тәртіптің нәтижесінде 20 100 азамат жұмыс берушіден 4 млрд. 718 млн. теңгесін қайтарып алды.
Шынар Оразова