Нарықтағы тауар бағасын негізсіз көтергендерге айыппұл салынады

112

Нарықтағы тауар бағасын негізсіз көтерген ірі бизнес өкілдеріне 875 мың теңге айыппұл салынады. Базарлар, сауда желілері мен үй жанындағы дүкендерде мониторинг тұрақты жүргізіледі. Олар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік құнына 15% сауда үстемесін сақтауға міндетті.

Тауарды заңсыз қымбаттатқан саудагерлерге алдымен ескерту беріледі. Әрекеті бір жыл ішінде қайталанса, 10,75, 300 АЕК мөлшерінде айыппұл арқалайды.

Әр аймақта наурыз-маусымға дейін азық-түліктің шекті бағасы бекітілген. Мәселен, Алматыда қарақұмық жармасының келісі 361 теңге, жұмыртқаның 10 данасы 487 теңге, қырыққабат келісі 83 теңгеден аспауы тиіс.

Шынар Оразова