Түлкібас аудандық ПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша белгісіз азаматтың өзіне тиесілі 3 бас жылқысына ауыр жарақат келтіргенін көрсеткен. Аталған жайтты полицейлер ҚК-нің 389-бабы «Өзінше билік ету» бойынша СДТБТ-ға тіркеді.
Нәтижесінде Түлкібас АПБ полицейлері 3 бас жылқыны жарақаттады деген күдікпен ер азаматты ұстады. Одан аңшы мылтығын тәркілеп алды. Ер азамат Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты.
Белгілі болғандай жәбірленушінің жылқылары күдікті азаматтың алма бағына кіріп кетіп, едәуір шығын келтірген. Қазіргі уақытта аталған жайтқа байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды.