Петропавлда көмір тапшы. Қоймаларда таңсәріден кезекке тұрған жүк көліктерінің жүргізушілері үйлеріне бос қайтып жатыр. Қатты отынның бағасы да шарықтап тұр.
Сапасына қарай тоннасы 9-15 мың теңге аралығында саудалануда. Қызылжар өңірін Екібастұз, Майқұба, Қаражыра мен Шұбаркөл сынды кен орындары көмірмен қамтамасыз етеді. Өңір халқы қыс маусымында орта есеппен 400 мың тоннаға жуық қатты отын тұтынады. Жергілікті билік бірер күнде мәселе шешіледі деп отыр.
Шынар Оразова