Қаланың солтүстігі ауыз сумен қамтылады

119

Шымкент қаласының Солтүстік бөлігі толық таза ауыз сумен қамтылмақ. Қазан айының соңына дейін жоспарланған құрылыс жұмыстарының қазір 91 пайызы аяқталған. Бүгінде толық саны 20 мыңға жуық тұрғынды таза ауыз сумен қамту мақсатында құбырларды жалғау жұмыстары жүріп жатыр.

Бұл құбырлар – отандық өнім. Қаланың солтүстік бөлігін толық таза ауыз сумен қамтитын суаққының 50-ден 100 жылға дейін жақсы жұмыс істейтін кепілдігі бар. Ағымдағы жылдың қазан айының соңына дейін аталған суаққыдан тұрғындар таза ауыз су ала алады.

Рустем Байрамов, механик: «Қазір құбырларды жалғау жұмыстары жүріп жатыр. Оларды бір-біріне жалғаған кезде үтік деп аталатын арнайы құралды қолданамыз. 20 минут біріктіріп ұстап тұрамыз, содан кейін 50 минуттай үтіктейміз сол кезде аралары мықты болады. Су таза, бірінші құбырды тазалап, жуып-шаю жұмыстарын жүргізіп барып, бір-ақ береміз. Таза су беріледі. Құбырлар кішкене кеш келді, дегенмен уақыылы бітіруді жоспарлап отырмыз».

Қазіргі таңда 11 шақырымға жоспарланған суаққыны орнату жұмысының 91 пайызы орындалған. Жыл аяғына дейін 10 елдімекенді таза ауыз сумен қамту жоспарланып отырған көрінеді. Олардың қатарында «Достық», «Асар-2», «Игілік», «Жаңаталап», «Солтүстік саяжай» шағынаудандары бар. Толық есепте 20 мың абонементке су беру жоспарда дейді жауаптылар.

Қазір өздеріңіз көріп отқандай, 10 елдімекенде 20 мың абонентке су беріледі.

Нұрғали Қосмұратов, Су құбыры және канализация басқармасының директоры: «Достық» мөлтекауданында біз 48 шаршы метрге 37 миллионға инвест бағдарлама бойынша бұрынғы ақ труба дейді, соны ауыстырдық. Азат, Қайтпас-2, 2км 700 погонометрді ауыстырып отырмыз. Соның кесірінен авариялық жағдайлар төмендеп отыр. 1:34 Халыққа толыққанды, 100 пайызға беру жөнінде қазір мемлекет тарапынан 11 млн қаражат бөлініп отыр. Ол 10 елдімекенді қамтып отыр. Қазір 3 мердігер жұмыс істеп жатыр.

2021-2025 жылдар аралығында жаңа 5 жылдық мерзімге жалпы қаражаты 750 миллионнан асатын инвестициялық бағдарлама енгізілген. Оның 309 миллион теңгесі 2021 жылға өткен. Сондай-ақ, биыл су желілерінде орын алатын апаттық жағдайлардың саны 500-ден 300-ге дейін төмендеген.

Айсұлу Алибекова, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары: «2016-20 жылдар аралығында инвестицияның барлық салынған қаражаты 1 млрд 138 млн-ды құраған. Сол қаражаттың арқасында 250 шақырымға жуық су жүйесінің және кәріз су жүйесінің желілері жаңартылған. 5 жылдық мерзімде судың негізгі құралдарының тозу шығыны 14%-дан 11%-ға төмендеген. Судың нормативтік техникалық шығындары жылдық көлемі 12% -дан 9 %-ға төмендеген».

Құбырларды ауыстыру уақыты оның сапасына байланысты дейді мамандар. Егер сапасы жақсы болса, кем дегенде 20-40 жыл жұмыс істеуге жарамды. Судың сапасын жақсарту мақсатында орнатылғалы отырған отандық суаққы құбырларының 50 жылға дейін кепілдігі бар. Жауаптылардың айтуынша, суаққы құрылысының жұмысы аяқталған сәтте қаладағы Төлеметов көшесі мен Алматы тас жолының қиылысындағы қолданыстағы су құбырына жалғанады.

Гүлдана Дәурен